Қарқаралы ауданында кеңейтілген аппараттық жиын өтті

Қарқаралы ауданында кеңейтілген аппараттық жиын өтті

Бүгін аудан әкімі міндетін атқарушының төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиын өтті.

Жиында жылыту маусымының өту барысы, өрт қауіпсіздігі, қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстау, денсаулық сақтау нысандарының құрылысы және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс мәселелері қаралды.

Сала басшылары баяндама жасап, нақты тапсырмалар берілді. Әсіресе әлеуметтік осал топтардың қауіпсіздігі мен инфрақұрылым нысандарының тұрақты жұмысына ерекше назар аударылды.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты бөлімдерге бақылауды күшейту жөнінде міндеттер жүктелді.