
2026 жылғы 8 қаңтарда Қарағанды қаласында грек-рим күресінен U17 жасөспірімдер арасында Қарағанды облысының біріншілігі өтті. Аталған жарысқа ауданымыздың спортшылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, 110 кг салмақ дәрежесінде Тожибаев Давронбек III орын, ал 80 кг салмақта Төлеубай Сүлейман II орын иеленді. Спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы – Алиев Қайырбек.
2026 жылғы 9 қаңтарда Қарағанды қаласында грек-рим күресінен U23 жас санаты бойынша Қарағанды облысының біріншілігі өтті. Бұл жарыста 72 кг салмақ дәрежесінде Татан ауылының спортшысы Хамза Нұрлыбек III орынға ие болды. Оның бапкері – Ақшантаев.
Аталған спортшы Қарағанды облыстық спорт мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы.