Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі жерлестер!

Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі жерлестер!

Күнтізбенің тағы бір жаңа парағы ашылып, жаңа 2026 жылға қадам бастық.

Өткен жыл маңызды бастамаларымен, елеулі жетістіктерімен, әсерлі сәттерімен және өзіндік сынақтарымен есте қалды.

Сіздермен бірлесе отырып, өткен жылы аудан көлемінде бірқатар маңызды жобалар мен жоспарлар жүзеге асырылды. Ауданымызды дамытуда жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізілді. Алдағы уақытта да атқарылар іс аз емес. Оларды табысты орындауға баршамыз ауызбіршілік пен ынтымақ танытып, барынша жауапкершілікпен, табандылықпен еңбек етуге тиіспіз. Бірлескен еңбегіміз бен ортақ мақсатымыз бізді биік белестерге жетелейді деп сенемін.

Бұл – өткен жылды саралап, болашаққа нақты жоспар құратын маңызды кезең. Әр азаматтың өз арманы бар, ал баршамызды біріктіретін ортақ мүдде – ел мен жердің дамуына адал қызмет ету. Осы игі жолда баршаңызға мықты денсаулық, мол күш-жігер, сенім мен сәттілік тілеймін.

Жаңа жыл құтты болсын!

Әр шаңыраққа береке мен бірлік, бақыт пен қуаныш орнасын! Ауданымыздың даму қарқыны артып, 2026 жыл баршаңызға жаңа мүмкіндіктер мен толайым табыстар әкелсін!