ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

2025 жылғы 26 желтоқсанда Қарқаралы қаласындағы Ш. Жандарбекова атындағы Мәдениет үйінде аудан әкімі атынан ұйымдастырылған «Жыл үздігі – 2025» жыл қорытындысына арналған салтанатты шара өтті.

Іс-шара барысында ауданның әр саласында үздік атанған азаматтар марапатталды. Атап айтқанда, «Жігер», спорт, құқық қорғау, коммуналдық, денсаулық сақтау, әлеуметтік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім беру, мәдениет салаларының үздіктері, сондай-ақ үздік мемлекеттік қызметші анықталды. Сонымен қатар жастарға арналған «Сұңқар» сыйлығы табысталды.

«Жыл адамы – 2025» номинациясы бойынша Ақшонтайев Айдос Жәзитұлы үздік деп танылды.

Марапаттау рәсіміне ауданның ардагерлері, аудандық мәслихат пен қоғамдық кеңес өкілдері қатысты. Үздік атанған азаматтарды аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Қабиденұлы құттықтады.