Қалалық ардагерлер кеңесінде – жаңа төраға

Қалалық ардагерлер кеңесінде – жаңа төраға

Бүгін Қарқаралы қаласы ардагерлер кеңесі төрағасын сайлау бойынша жиын өтті.

Қала ардагерлері қатысқан жиынды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрлыбек Ілдебаев ашып, жүргізіп отырды.

Кейінгі уақытта қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының міндетін атқарушы болып келген Оспанов Саят Қуанышбайұлының кандидатурасын ардагерлер қауымы бір ауыздан қолдап, дауыстарын берді.

Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің 13 конференциясына делегаттар сайланды. Жаңадан сайланған Саят Қуанышбайұлы артылған сенім мен жауапкершілікке алғысын айтып, аудан мен қала әкімдігі және ардагерлермен бірлесіп, ұйымшылдықпен жұмыс істейтініне сенім білдірді.

Қарқаралы қаласының әкімі Аслан Рахымбергенов жаңа төрағаны құттықтап, алдағы бірлескен жұмыста қала әкімдігі тарапынан қалалық ардагерлер кеңесін әрдайым қолдау болатынын атап айтты.

Жиынды қорытындылаған Нұрлыбек Әнуарбекұлы жаңа төрағаның жұмысына сәттілік тіледі.