Нұркен ауылында Тәуелсіздік күніне арналған асық ату турнирі өтті

Нұркен ауылында Тәуелсіздік күніне арналған асық ату турнирі өтті

Алда келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, 2025 жылғы 6 желтоқсанда Нұркен ауылында Қарағанды облысы бойынша асық атудан ашық турнир өтті.

Жарысқа Павлодар, Жамбыл, Ұлытау, Ақмола облыстары мен Қарағанды өңірінен барлығы 14 команда қатысты. Турнирдің басты мақсаты – жеткіншектерге ұлттық спортты насихаттау, ұлттық рух пен салт-дәстүрді дәріптеу.

Асық ату сайысындағы сұр мергендердің тартысты додасы нәтижесінде үш үздік команда жүлделі орындарға жайғасты. Атап айтқанда:
1-орын — Павлодар облысы, Екібастұз қаласы
2-орын — Шет ауданы, Ақжал кенті
3-орын — Теміртау қаласы, Қарағанды облысы

Жеңімпаз командалар ақшалай сыйлықтармен, кубоктармен және төсбелгілермен марапатталды.

Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Нұркен ауылының жастарына және демеушілік көрсеткен Қарқаралы аудандық спорт бөлімін атап өткен жөн.