ҚАРҚАРАЛЫ – ПАЛУАНДАР МЕКЕНІ!

ҚАРҚАРАЛЫ – ПАЛУАНДАР МЕКЕНІ!

Шежірелі Қарқаралы өңірі – талай білекті, жауырыны жерге тимеген палуандарды тәрбиелеген қасиетті мекен. Аудан көлемінен шыққан талай спортшылардың ел намысын ірі жарыстарда қорғап, көк байрағымызды желбіретіп жүргені – соның айғағы.

Бүгін Қарқаралы аудан әкімінің м.а. Саят Қабиденұлы аймақтың абыройын асқақтатып, республикалық және халықаралық ареналарда жеңіске жетіп жүрген күрес мектебінің шәкірттерін қабылдап, құрмет көрсетті.

Кездесуге қатысқан спортшылар:
– Дзюдодан +78 кг салмақта Қазақстан Республикасының чемпионы және Азия кубогының жеңімпазы Тойшыбекова Айда Ардаққызы;
– Дзюдодан 73 кг салмақта қатарынан екінші рет Қазақстан Республикасының чемпионы атанған Дүйсенхан Ерсұлтан Дулатұлы;
– Тәжікстанның Душанбе қаласында өткен Азия кубогінде 57 кг салмақта күміс жүлде иеленген Қайрат Аяулым Айдынқызы;
– Тәжікстанның Душанбе қаласында өткен Азия кубогінде 100 кг салмақта күміс жүлдегер атанған Ульсаитов Арыстан Абзалұлы.

Жас палуандар өздеріне көрсетілген құрметке ризашылық білдіріп, алдағы уақытта да ел сенімін ақтайтындарын айтты.

Бұл – намыс, шеберлік және жігердің сыналар сәті. Әрбір жеңіс – тарихқа жазылар еңбек.

Жас спортшыларға алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз. Жетістіктері өсіп келе жатқан буынға үлгі болсын!