Бүгін ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай, Ш. Жандарбекова атындағы Мәдениет үйінде «Ауыл – ел бесігі» атты мерекелік шара өтті. Шара басталмас бұрын ауыл шаруашылығы көрмесі назарға ұсынылды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Қабиденұлы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, бірқатар марапаттарды тапсырды. Таяуда ғана мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған Көктакс ауылының тұрғыны, ардагер Тойбек Оспанов пен аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Назгүл Игликова марапаттау рәсімін жалғастырып, көрермен қауым марапат иелеріне қошемет көрсетті. Аудан өнерпаздарының ән-биімен көркемделген жиында марапатқа ие болған барша жерлестерімізді және сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Алғыс хаты Майбасаров Болат Төлегенұлы – «Қарасу» шаруа қожалығының малшысы (Тегісшілдік а/о). Қарқаралы ауданы әкімінің Құрмет грамотасы Тойғанбаева Гүлден Қалиақбарқызы – аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы. Құрмашев Асхат Төлеуқадырұлы – ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маман инженер инспекторы. Сейлканов Сұңғат Сейлханұлы – «Заңғар» шаруа қожалығының басшысы (Н.Нұрмақов). Ақпаров Қанатбек Манапұлы – «Сұлтан» шаруа қожалығының басшысы (Абай). Апакашов Рымбек Қабдрашұлы – «Береке» шаруа қожалығының басшысы (Тәттімбет). Құсайынов Ерқанат Тлешұлы – Жаңатоған ауылының механизаторы. Қарқаралы ауданы әкімінің Алғыс хаты Акишев Сайлау Елеубайұлы – «Ел-сай» шаруа қожалығының басшысы (Мәди). Еркін Шахзада Нұрланұлы – «Үш төбе» шаруа қожалығының механизаторы (Қ.Аманжолов). Иманбаева Қарлығаш Тлепбекқызы – Республикалық фитосанитарлық орталықтың Қарқаралы филиалының бас фитопатологы. Мақсұтова Жазира Абдухалыққызы – Қарқаралы ауданы жер қатынастары бөлімінің хатшысы. Жолтаев Бұрхан Ойратұлы – жеке кәсіпкер (Ақтерек). Оспанов Ерлан Шаштыбайұлы – Ынталы ауылының жылқышысы. Кожабеков Азамат Сәғатович – «Сырымбет» шаруа қожалығының басшысы (Қаршығалы). Әтекеев Марат Болатұлы – «Жалықбас» шаруа қожалығының бақташысы (М.Мамыраев). Ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіптік одағының III дәрежелі "Еңбек даңқы" белгісі Нығыметов Абзал Асхатбекұлы – «Әлтайыр» шаруа қожалығының басшысы (Темірші). Күсенов Ғазиз Сағынтайұлы – «Сағынтай» шаруа қожалығының басшысы (Қ.Аманжолов). Ақбергенов Дидар Мағауияұлы – «Бірлік» шаруа қожалығының басшысы (Қ.Аманжолов). "Құрметті ардагер" медалі Ильдебаев Нуарбек Кәрімбекұлы – зейнеткер (Қарқаралы). Қарқаралы ауданы кәсіподақ ұйымы төрайымының Алғыс хаты Ажкенов Архат Жанатайұлы – «Жанатай» шаруа қожалығының басшысы (Қ.Аманжолов). Шайкенов Жандос Саматұлы – «Шаймұхамбет» шаруа қожалығының басшысы (Қ.Аманжолов).