
Аудан әкімінің міндетін атқарушы С. Мусин бүгін есепті кезең аясында Қоянды, М. Мамыраев және Қырғыз ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында округтерде атқарылып жатқан жұмыстар талқыланып, тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті сұрақтар қаралды.
Кездесу барысында мәселелердің шешу жолдарын қарастыру үшін заң аясында нақты жауаптар беріліп, тиісті тапсырмалар жүктелді. Бірқатар мәселелер бойынша жұмыстардың бақылауда болатыны жеткізілді.