Шежірелі «Қарқаралы» газетіне – 95 жыл!

Шежірелі «Қарқаралы» газетіне – 95 жыл!

Аудандық «Қарқаралы» газетінің 95 жылдық мерейтойына орай Ш. Жандарбекова атындағы Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Нұржан Ағыбайұлы жиналған қауымды мерейтоймен құттықтап, газет ұжымына аудан әкімінің міндетін атқарушы С. Мусиннің құттықтау хаты мен қаржылай сертификатын табыс етті.

Газетте әр жылдары еңбек етіп, аудан баспасөзінің дамуына үлес қосқан ардагерлер мен тәжірибелі қызметкерлерге аудан әкімінің Алғыс хаттары ұсынылды. Сонымен қатар аудандық мәслихат өкілдері де өз тарапынан құттықтау сөз сөйлеп, марапаттау рәсімін жалғастырды.

«Бұқар жырау жаршысы» газетінің бас редакторы Әлия Жұмақаева мен «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторының орынбасары Қызғалдақ Айтжан әріптестеріне және қарқаралылықтарға жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Сондай-ақ газеттің редакторы Құрманғазы Өтебай мерейтойға орай оқушылар арасында ұйымдастырылған байқаудың нәтижесін жариялап, «Ең үздік шығарма» және «Ең үздік өлең» номинациялары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.

Іс-шара соңында аудан өнерпаздары көпшілікке ән мен би тарту етіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.