Қорытынды шығарылып, тапсырмалар жүктелді

Қорытынды шығарылып, тапсырмалар жүктелді

Қарқаралы ауданы әкімдігінде кеңейтілген аппараттық жиын өтті. Жиында 2025 жылдың 1 қазанына дейінгі аудан бюджетінің игерілу барысы қаралып, қаржыны мақсатты әрі тиімді пайдалану жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, жедел мәселелер де талқыланды. Аудандағы екпе жұмыстары мен туындап отырған проблемалар, тері ауруларының қазіргі ахуалы туралы ақпарат берілді. Ауыз су нысандарын балансқа алу мәселесі көтеріліп, оны заң аясында рәсімдеу қажеттілігі атап өтілді.

Қарқаралы қаласында орнатылған бейнебақылау жүйелері арқылы анықталған құқық бұзушылықтар бойынша есеп беріліп, құқық қорғау органдарына бірқатар тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар, аудан аумағындағы төтенше жағдайлар саласына қатысты ескертулер бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар пысықталды.

Жиын қорытындысында аудан әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, бақылауды күшейтуді тапсырды.