ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

Елімізде Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні дәстүрлі түрде қазан айының үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Бұл мереке – орман шаруашылығымен айналысатын жандардың еңбегінің маңыздылығын, олардың ел орман қорын сақтау мен қалпына келтіруге қосқан үлесін бағалауға арналған.

Аталған мереке аясында Қарқаралы қаласындағы Шолпан Жандарбекова атындағы мәдени-сауық орталығында жергілікті өнерпаздар мен орман шаруашылығы қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шара барысында орман саласының өкілдері ән шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай барша азаматтарға зор денсаулық, бақыт пен бейбіт өмір тілейміз.

Мерекелеріңіз құтты болсын!