Мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібін жеңілдету мақсатында заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, жоғары оқу орнын мемлекеттік грант негізінде, GPA орташа көрсеткіші 3,33 және одан жоғары деңгейде аяқтаған түлектер аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурссыз тағайындала алады. Тағайындау уәкілетті органның келісімімен жүзеге асырылады.
Бұл өзгеріс жас мамандарға:
🔹еңбек жолын ертерек бастауға;
🔹мемлекеттік қызметте кәсіби тәжірибе жинақтауға;
🔹еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.
🎓 Жоғары оқу орнын мемлекеттік тапсырыс бойынша тәмамдаған, үлгерімі жоғары, ел болашағына бейжай қарамайтын белсенді жастарды мемлекеттік қызметке шақырамыз!