2025 жылғы 11–12 қазан күндері Ақтау қаласында ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия ашық кубогы өтті.
Дәстүрлі турнир Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми күнтізбесіне енгізілген. Биылғы жарысқа Әзірбайжан, Беларусь, Гонконг, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан және Халықаралық дзюдо федерациясының құрамасынан 200-ден астам спортшы қатысты.
Аталған байрақты бәсекеде жерлесіміз Айда ТойшЫбекова барлық қарсыласын жеңіп, Азия кубогының жеңімпазы атанды.