Мерейлі мерейтой иесі!

Мерейлі мерейтой иесі!

Біз үлкендерімізді, аға ұрпақ өкілдерін құрметтеп, қадірлей білген халықпыз. Бұл — ата салтымыз, ұлт болмысындағы асыл қасиет.

Батагөй ақсақалдарымыз бен ақ шашты аналарымыздың болмысынан даналық пен парасат көрінеді. Қарияларымыз — бір әулеттің ғана емес, тұтас қоғамның тірегі мен көркі, ел шежіресінің тірі куәгерлері.

Бүгін мерейтой иесі — еңбек жолын ұстаздықтан бастап, кейін жергілікті басқару ісіне ауысып, Қарқаралы ауданының атқару комитетінде көп жыл қажырлы еңбек еткен Дүйсекеқызы Рахима апамыз 85 жасқа толып отыр.

Рахима апа, өзіңіздің аудан дамуына, қоғам өмірінің жақсаруына сіңірген еңбегіңіз ерекше. Ізіңізді басқан шәкірттеріңіз сіздің буын қалдырған игі істерге әрдайым құрметпен қарайды.

Мемлекеттік қызметпен қатар, «Салтанат» ән-би ансамблінде өнер көрсетіп, ауданның рухани-мәдени дамуына да зор үлес қостыңыз. Бүгінде «Қайран жастық» хорының белсенді мүшесі ретінде сахнаның көркі болып келесіз.

Сіздің өмірге деген құштарлығыңыз, шығармашылық қабілетіңіз біз үшін үлгі. Мерейтойыңыз құтты болсын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, көңіліңізге шаттық тілейміз. Ортамызда аман-есен, мерейіңіз үстем болып жүре беріңіз!