ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қарқаралыда жұмыс сапарымен болды

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қарқаралыда жұмыс сапарымен болды

13 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қарқаралы ауданына жұмыс сапарымен келіп, күрделі жөндеуден өткен №16 өрт сөндіру бөлімінің ашылу салтанатына қатысты.

Салтанатты рәсім барысында министр жаңартылған ғимараттың ашылуымен құттықтап, өрт сөндіру саласын дамыту жолында атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

Іс-шарада Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Руслан Кенжебеков, сондай-ақ азаматтық қорғау саласының ардагерлері құттықтау сөз сөйледі.

Салтанатты жиын аясында аталған бөлімнің күрделі жөндеуіне үлес қосқан бірқатар азаматтар Төтенше жағдайлар министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Олардың қатарында:

  • Саят Мусин – аудан әкімінің міндетін атқарушы

  • Аслан Рахымбергенов – Қарқаралы қаласының әкімі

  • Нұршат Қайыр – аудандық ТЖБ аға анықтаушысы, азаматтық қорғау майоры

  • Нұрлан Иргебаев – аудандық ТЖБ инженері, азаматтық қорғау лейтенанты

  • Ақжолтай Мәжит – №16 ӨСБ қарауыл бастығы, азаматтық қорғау капитаны

  • Олжас Төлеубек – №16 ӨСБ ГТҚҚ аға шебері, азаматтық қорғау аға сержанты

  • Рустам Пұштаев – №16 ӨСБ жүргізуші-қызметкері, азаматтық қорғау аға сержанты

  • Дидар Ктанов – аудандық жедел құтқару бөлімшесінің құтқарушысы

Сонымен қатар, "Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі Қарқаралы ауданы ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау майоры Алмас Ибраевқа табысталды.

Жиын барысында №16 өрт сөндіру бөліміне КамАЗ базасындағы жаңа өрт сөндіру техникасы, ал жедел құтқару бөлімшесіне "Toyota Hilux" маркалы автокөлік берілді.

Салтанатты лентаны қию рәсімінен кейін мәртебелі қонақтар жаңартылған бөлімнің ішін аралап көріп, Тілек кітабына өз лебіздерін қалдырды.