Қарағанды облысында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжановтың қатысуымен «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында дәстүрлі тамыз педагогикалық кеңесі өтті.
Жиында білім беру саласындағы өзекті мәселелер – мектептерді жаңғырту, кадрларды даярлауға кешенді көзқарас, бірыңғай тәрбие бағдарламасы және білімді цифрландыру тақырыптары талқыланды. Педагогтер өткен оқу жылының қорытындысын шығарып, алдағы жылдың негізгі бағыттарын белгіледі.
Ұстаз – бұл тек білім беруші ғана емес, рухани тәрбиеші, адам бойындағы ізгі қасиеттерді дамытатын тұлға.
Дәстүр бойынша тамыз кеңесінде бірқатар үздік педагогтар марапатталды. Олар мемлекеттік және салалық наградалармен, құрмет грамоталары мен төсбелгілермен марапатталды.
Бүркітті ауылының №20 жалпы білім беретін мектебінің мектепке дейінгі білім беру педагогы, зейнеткер ұстаз Сағатова Рахилаш Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Қарқаралы қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы №2 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Маженова Бибигүл Абдрасиловна Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісіне ие болды.
Құрметті ұстаздар, марапаттарыңыз құтты болсын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз!