Бүгін Қарқаралы қаласында 2012 жылы туған және одан кіші қыздар мен жасөспірімдер арасында үстел теннисінен облыстық чемпионат басталды.
Айтулы доданың ашылу салтанатына облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев арнайы қатысып, жас спортшыларға ізгі тілегін білдірді.
Аудан әкімінің орынбасары Нұржан Ілияш жас жеткіншектерді жарыстың ашлуымен құттықтап, сәттілік тіледі.
Жарысқа Қарқаралы ауданымен қатар, Қарағанды, Балқаш қалалары мен Бұқар-Жырау аудандарынан спортшылар келіп қатысуда. Атап айта кетерлігі, жарысқа облыстың кіл мықты ойыншылары келген. Себебі, осы жарыста топ жарып, іріктелген спортшылар тамыз айында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алады.
Жарыстың ашылу салтанатына теннистен спорт шеберлігіне үміткер, облыстық құраманың мүшесі, денсаулығының сырқатына қарамастан, спортпен айланысып, жетістіктерге жетіп жүрген, Абай ауданының тумасы Хамит Достахин да қатысып, жанкүйерлік танытуда.