Аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Мусиннің төрағалығымен аудан көлемінде ҚР Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 шілдегі «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №252 бұйрығына сәйкес ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану барысында бұзушылықты анықтау және түгендеу жұмыстарының жүргізу бойынша құрылған жұмыс тобының отырысы өтті.
Отырыс барысында ауыл шаруашылық мақсатындағы пайдаланбай жатқан жерлерді игеру немесе қайтару. Босалқы жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту; 2022-2024 жылдары конкурс арқылы жер учаскелерін алған жер пайдаланушылардың бизнес жоспарда көрсетілген жоспарларын іске асырғандықтары туралы.