Бүгін - Ветеринария қызметкерлерінің күні!
Кәсіби мереке иелерін аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Мусин құттықтап, қажырлы еңбектері үшін алғысын білдіріп, марапаттаулар жасады.
Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Айман Камалиева, Думан Исагулов, Манжугул Хасенов, Ержан Тұрғанбаев, Сәуле Жидебаева марапатталса, аудан әкімінің Алғыс хатына Нұрлыбек Маратбекұлы, Медет Мұқаман, Таңатбек Омаров, Төлеу Төлегенова ие болды.
Е. Тұрғанбаев пен С. Жидебаеваға зейнет жасқа келуіне байланысты, иықтарына шапан жабылып, құрмет көрсетілді.
Ветеринария ардагері Құрман Әли әріптестерін құттықтап, еңбектеріне жеміс тіледі.
Іс-шараны Арай Құсниденова жүргізіп, күміс көмей әнші Бақытжан Үйсінбаев әсем әнін тарту етті.
Ветеринария мамандары атқаратын жануарлар ауруының профилактикасы, оларды емдеу, аурудың адамдарға таралуын сақтау және басқа да қызметтер әрдайым маңызға ие. Ауданымыздың көлемінде эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуде сіздердің атқарып отырған қызметтері ерекше.
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті ветеринария саласының мамандары!