Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ұлы дана АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 180 жылдығына арналған «АНА ТІЛІМ - АБЫРОЙЫМ» мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық байқауы өтті.
Аталған байқау облыстық "Достық" үйінде өтіп, оған қалалар мен аудандардан 10 команда қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КОМАНДАСЫ жүлделі II орынға ие болып, арнайы сертификатпен марапатталды.
Облыстық байқауда аудан намысын қорғаған команда құрамы: «Балқантау» ауылдық округінің әкімі Ерсайын Қобыланды, «Шарықты» ауылдық округінің әкімі Ербұлан Жаман, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қаламқас Төлеуханқызы, Қарқаралы аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы Жекей Рәбиға Серікқызы, ауданы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы Аян Сәулебайұлы.
Жерлестерімізді жүлделерімен құттықтаймыз!