I Қазақстандық Геологиялық Универсиада: ғылымның келешегіне қарымды қадам

I Қазақстандық Геологиялық Универсиада: ғылымның келешегіне қарымды қадам

       Қарқаралы қаласының «Политехник» спорттық-сауықтыру лагерінде қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың құрметіне арналған «Сәтпаев» атты II Қазақстандық Геологиялық Универсиада 15-21 маусым күндері өтуде.

      Универсиада Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрлігі Геология комитеті мен Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің бастамасымен, Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің қатысуымен ұйымдастырылуда.

      16-маусым күні Универсиаданың салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті төрағасы  Ерлан Ақбаров, аудан әкімі Әділжан Арғынұлы және басқа да лауазым иелері арнайы қатысып, талапты жастарға сәттілік тіледі. 

       Геология саласындағы жас мамандарды қолдау және дамытуға, олардың кәсіби әлеуетін ашуға жағдай жасауға бағытталған іс-шараға Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті (Алматы қаласы); Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (Қарағанды қаласы); Назарбаев Университеті (Астана қаласы); Каспий университеті (Алматы қаласы); Қазақстан-Британ техникалық университеті (Алматы қаласы); С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті (Атырау қаласы); Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда қаласы); Семей қаласының Геологиялық барлау колледжінің студенттері қатысып, еліміздің іргелі оқу орындарының білікті ғалымдары қазылық жасайды.

      Универсиада барысында еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік студенттер дәрістерге, сауықтыру шараларына, интеллектуалдық викторинаға, геология бойынша сайыстарға, спорттық жарыстарға және өзге де думанды шараларға қатысады.