
Бүгін Қарқаралының жасөспірім көкпаршылары облыс орталығында ат ойнатып, топ жарды.
Жас көкпаршыларымыздың құрама командасы Ұлттық спорт түрлерінің биылғы жылғы маусымашарында жасындай жарқырап, қарсылас шақ келтірмей, І орынды жеңіп алды.
Сонымен қатар, жерлестеріміз бәйге түрлерінен өткен жарыстың “Топ” бәйгесінде І орынды қанжығаға байлады. Бұл сында қарқаралылық Әскеров Автандил баптап қосқан Жібек атты тұлпардың жұлдызы жанды.
Облыс төрінде ұран шақырып, ел мен жердің рухын көтеріп қайтқан жерлестеріміздің абыройы биік болсын!