Республикалық турнирде топ жарды

Республикалық турнирде топ жарды

Қостанай қаласында 2-4 маусым аралығында қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлесіміз Құсайын Әділет Қайсарұлы 66 кг салмақта топ жарып, чемпион атанды.

Боз кілемде республика деңгейінде ешкімге дес бермей, жеңімпаз болған балуанымызды және барша жерлестерімізді айтулы жеңіспен құттықтаймыз!