
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
Акция барысында аудан прокуроры, заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап беріп, білікті ұсыныстар айтып, заң тұрғысынан түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жалпы бұл шара ҚР Үкіметінің қолдауымен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдарының ұйымдастыруымен республика бойынша өткізілетін дәстүрлі шара болып табылады.