Кеңейтілген жиын

Кеңейтілген жиын

Аудан әкімі Ә. Арғыновтың төрағалығымен аудандық кеңейтілген аппараттық жиын өтті.

Жиынға аудандық мәслихат төрағасы С. Оспанов, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Осыған дейін Қарағайлы кенті, Егіндібұлақ, Қаршығалы, Угар, М.Мамыраев ауылдық округтерінің әкімдері атқарылып жатқан жұмыстары бойынша хабарлама жасаса, бүгінгі жиында Ынталы, Тегісшілдік, Темірші, Томар ауылдық округтері әкімдері жұмыстарды баяндады.

Жиын қорытындысында аудан басшысы ауылдардағы жұмыстар мен қаралған басқа да мәселелерге қатысты маңызды міндеттерге тоқталып, нақты тапсырмалар жүктеді.