Гранттар өтеусіз негізде беріледі, мақсаты – жаңа бизнесті іске қосу және дамыту.
✅ Грант мөлшері – 400 АЕК (1 572 800 теңге). Әрбір қатысушы бұл грантты тек бір рет ала алады.
Грант қаражаты бастаушы кәсіпкерлерге өз бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, соның арқасында тұрақты табыс көзімен қамтамасыз етілуге мүмкіндік береді.
🔸 Өтініш беру үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
• Порталда тіркелу;
• Грант алуға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеруден өту;
• Бизнес-жоспардың үлгісін жүктеп алып, оны толтырып, Порталға жүктеу;
• Өтініш нысанын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Егер интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаса, өтінішті жұмысқа орналастыру орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарында беруге болады.
Грант алу үшін бірқатар шарттар сақталуы тиіс.
🔸 Жаңа бизнес-идеяны жүзеге асыру үшін грант алуға үміткер бола алады:
• Тіркелген жұмыссыздар;
• Жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылдан аспауы тиіс).
Сонымен қатар үміткер келесі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы керек:
• Мүгедектігі бар адамдар;
• «Қандас» мәртебесі бар адамдар;
• Өңіраралық қоныс аударушылар;
• Аз қамтылған отбасылардың мүшелері;
• Көп балалы отбасы мүшесі (ерлі-зайыптылардың бірі);
• Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адам (ерлі-зайыптылардың бірі);
• Нәпақа берушіден айырылуына байланысты жәрдемақы алушылар.
📍 Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өткендігі туралы 3 жылдан аспаған мерзімдегі сертификаты болуы қажет.
Барлықтарыңызды Мансап орталықтарына шақырамыз!
☎️ Call-центр 8(7212)60-50-50
📱 WhatsApp +7 775 644 3580