СҰРАҚ-ЖАУАП

СҰРАҚ-ЖАУАП

Сұрақ: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кім үміткер бола алады?
Жауап: Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес келесі тұлғаларға беріледі:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2) Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
3) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар

4) Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары;
5) Мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;
6) Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға беріледі.
Қазақстан Республикасында тұрғын үй алуға кезекке тұру үшін тиісті елді мекенде тұрақты тұру қажет (тұру мерзіміне қарамастан).