Сұрақ: Шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін жалға алу ?
Жауап: Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру Қазақстан Республикасы Заң талаптарына сәйкес, конкурс негізінде жүзеге асырылады.
Ауылшаруашылығы мақсатындағы конкурсқа қойылатын жер учаскелері жергілікті баспасөз басылымдарына және аудан әкімі аппаратының qarqaraly.kz сайтына жарияланады.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсыру қажет:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім (қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы);
2) конкурстық ұсыныс (бизнес-жоспар).
Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.