СҰРАҚ - ЖАУАП

СҰРАҚ - ЖАУАП

Сұрақ: Жеке меншікке жер учаскелерін тегін беру нормалары қандай?

Жауап:

  1. Ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін – суарылмайтын жерлерде 0,25 гектар және суармалы жерлерде 0,15 гектар;
  2. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін – 0,10 гектар;
  3. Бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін – 0,12 гектар.

Жер учаскелерін аталған мақсаттар үшiн қайталап тегiн беруге жол берiлмейдi.

Өзiндiк қосалқы шаруашылықты (үй маңындағы телiм) жүргiзу және жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерін жеке меншікке тегін беру жер учаскелері игерілгеннен кейін жүргізіледі. Жер учаскелерін көрсетілген мақсаттар үшін игеру кезеңіне беру осы Кодекстің 92-бабына сәйкес мұндай жер учаскелерін игерудің талаптары мен мерзімдері белгілене отырып, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығында жүргізіледі.