2025 жылғы 30 наурызда өткен Қарқаралы аудандық мәслихатының шығып қалғанның орнына депутатты сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

2025 жылғы 30 наурызда № 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланатын Қарқаралы аудандық мәслихатының шығып қалғанның орнына депутатты сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 1470 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 705 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 0 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

№ 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қарқаралы аудандық мәслихатының депутатын сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді:

Диас Олжатайұлы Әукенов үшін сайлаушылардың 553 дауысы берілді;

Азамат Қуанышұлы Әбіл үшін сайлаушылардың 75 дауысы берілді;

Гүлдана Нұрбайқызы үшін сайлаушылардың 65 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 10.

Сайлау қорытындысымен № 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қарқаралы аудандық мәслихатының депутаты болып:

1990 жылы туған, Қарқаралы ауданы Ақтасты ауылының тұрғыны, «Бағат 2017» шаруа қожалығының басқарушысы, Диас Олжатайұлы Әукенов сайланды.

 

Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
01 апреля 2025