2024 жылғы 8 желтоқсанда бірмандаттық аумақтық №1 сайлау округі бойынша Қарқаралы аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 1540 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 805 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 4 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қарқаралы аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
№ 1 сайлау округі бойынша:
Қайыржан Қайыртай үшін 51 сайлаушы дауыс берді;
Мейр Мубаракович Мубараков үшін 676 сайлаушы дауыс берді;
Данат Ержанұлы Сағатов үшін 64 сайлаушы дауыс берді;
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 12.
Сайлау қорытындысы бойынша бірмандаттық аумақтық №1 сайлау округі бойынша Қарқаралы аудандық мәслихатының депутаты болып:
– Қарқаралы қаласының тұрғыны, ЖК «Мубараков» басшысы, 1964 жылы туған Мубараков Мейр Мубаракович сайланды.
Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы