"Абай әлемі" Абай Құнанбайұлына - 180 жыл

"Абай әлемі" Абай Құнанбайұлына - 180 жыл

2025 жылы 04 ақпан күні  Матақ ауылының кітапханасында қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, көрнекті ақын ұлы ойшыл-Абай Құнанбайұлының шығармашылдығына 180 жыл толуына орай  "Абай әлемі" атты   танымдық іс шара болды.

Аталған шараға қатысқан оқырмандар ұлы ақынның өмірбаяны мен өлең жинақтары мен қара сөздерімен танысып, өз ойларын ортаға салып, өздері білетін ақынның өлеңдерін жатқа айтты. Осы шараның өту мақсаты ұлы ақынның өлеңдерін сонымен қатар қара сөздерін оқырмандарға насихаттау және осы арқылы өзімізге рухани азық алу. Аталған шара жоғары деңгейде өтіп, келіп қатысқан оқырмандар осындай шаралар жиі болып тұраса деген ойларын ортаға салды.