
Қарқаралы ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ә. Ермеков атындағы мектепте «ROBOLAND – 2026» XI Халықаралық фестиваль-байқауының аудандық іріктеу кезеңі өтті.
Аталған шараға Қарқаралы ауданының білім беру ұйымдарынан, атап айтқанда Қарқаралы ауданының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының, Қарқаралы қаласының академик О. Жәутіков атындағы №1 орта мектептің, Мәди Бапиұлы атындағы №44 орта мектептің, сондай-ақ Ынталы ауылының №3, Тегісшілдік ауылының №6, Нүркен ауылының №10, Талды ауылының №19, Айнабұлақ ауылының №31 және Қоянды ауылының №35 орта мектептерінен 10–14 жас аралығындағы оқушылардан құралған командалар қатысты.
Аудандық іріктеу кезеңі «Садақ ату», «Кегльринг квадро», «Лабиринт», «Мини-футбол (басқарылатын роботтар)», «Полоса препятствий» бағыттары бойынша өткізілді.
Жалпыкомандалық есеп нәтижесі бойынша:
• I орынды – Қарқаралы ауданының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының құрама командасы;
• II орынды – Қарқаралы қаласының №1 академик О. Жәутіков атындағы мектептің құрама командасы;
• III орынды – Жарлы ауылының №10 Нүркен Әбдіров атындағы мектептің құрама командасы иеленді.
Жүлделі орын алған командалар «ROBOLAND – 2026» фестиваль-байқауының облыстық кезеңіне жолдама алды.