Угар а/о Матақ ауылында «Құқық кабинеті» ашылды

Угар а/о Матақ ауылында «Құқық кабинеті» ашылды

Угар ауылдық округі,  Матақ ауылында «Құқық кабинеті» ашылды

 

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық сананы қалыптастыру және тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында Матақ ауылында «Құқық кабинеті» ашылды.

Азаматтар еңбек, отбасы, тұрғын үй, әкімшілік заңнамасы және басқа да құқықтық мәселелер бойынша кеңес ала алады. Кеңестерді білікті мамандар, соның ішінде заңгерлер, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жүргізеді.

Құқық кабинеті келесі мекенжайда жұмыс істейді:
Матақ ауылы, Матақ батыр көшесі 2.

Жұмыс уақыты: 9:00–13:00, 14:30–18:30.