
2025 жылы 20 қараша күні Матақ ауылының мәдениет үйінде Қарқаралы ауданының әкімінің міндетін атқарушы Мусин С. К. және Угар ауылдық округі әкімі Акимов Ж. Р. 2025 жылдың екінші жарты жылдығы бойынша халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Жиынға аудандық бөлім басшылары, жергілікті қоғамдастық мүшелері, мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысты. Есепті кездесу барысында аудан әкімі ауылда жүріп жатқан жұмыстарға тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өтті. Аталған мәселелерді бақылауға алып, жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылатыны айтылды.