Облыс әкімі орынбасарының жұмыс сапары

Облыс әкімі орынбасарының жұмыс сапары

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Тәуірбеков Ораз Қайсаұлы жұмыс сапарымен ауданымызға келіп, «Алтай полиметаллы» ЖШС мен «Өркен Кентөбе» өкілдігі кәсіпорындарының жұмысшыларымен кездесті. Бүгінде бұл өндіріс ошақтарында барлығы 1 190 жұмысшы еңбек етуде.

Кездесуге бірқатар облыстық басқармалар мен водомстволардың басшылары бірге келіп, аудан басшылығы, жоғарыда аталған өндіріс басшылары және бірқатар жауапты мекеме жетекшілері қатысты.

Облыс әкімінің кеншілермен кездесуін тілге тиек еткен О.Тәуірбеков осындай шаралар өңірлерде жалғасатынын және осы кездесу соның айғағы екенін атап айтты. Сондай-ақ, мемлекет басшысы биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағанына тоқталып, облыстың дамуына қажырлы еңбектерімен үлес қосып жүрген өндіріс жұмысшыларына алғысын білдірді.

Кездесулер ашық диалог түрінде өтіп, мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы және «Отбасы банктің» басшылары маңызды ақпараттарымен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.

Өндіріс мамандары 2022 жылдан бастап Отбасы банк арқылы 229 кенші мен металлургке берілген жеңілдетілген ипотекаға қатысты қызығушылық танытып, сауалдарына жауап алды. Сондай-ақ, биылғы жылдың 17 наурызында басталатын «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы түсіндірілді. Бұдан бөлек, «Алтай полиметаллы» ЖШС орнаталасқан Шарықты ауылдық округі Теректі ауылында мәдениет нысанын салу бойынша сұрағы назарға алынды