Халықпен есептік кездесу

Халықпен есептік кездесу

Аудан әкімі Әділжан Арғынов «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» ҚР Президентінің жарлығына сәйкес  Шарықты ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында аудан басшысы ауылдың жағдайы және халықтың тұрмыстық әл-ауқатын көтеру мәселесі үнемі назарында екенін жеткізді.
Халықпен кездесуде округ әкімі Е.Жаман ауылда атқарылған және атқарылатын жұмыстары  туралы баяндама жасап болған соң, кездесу жаңа «сұрақ-жауап» форматта жалғасын тапты.
Кездесу соңында аудан басшысы атқарылатын жұмыстарды алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешу жолдарын қарастыруды тапсырды, аталған мәселелерді бақылауға алып, жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылатыны айтылды.