
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық сананы қалыптастыру және тегін заң көмегін көрсету мақсатында Қарқаралы ауданының Теректі ауылында «Құқық кабинеті» ашылды.
Азаматтар еңбек, отбасы, тұрғын үй, әкімшілік заңнама және басқа да құқықтық мәселелер бойынша кеңес ала алады. Консультацияларды білікті мамандар, мемлекеттік органдардың өкілдері жүргізеді..
Құқықтық кабинет мына мекен-жайда жұмыс істейді:
Қарқаралы ауданы, Теректі ауылы, Абай көшесі, құрылыс 12
Жұмыс уақыты: 9: 00-13: 00, 14: 30-18: 30.