
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары О.Қ. Таурбеков ауданымызға жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында О.Қ. Таурбеков «Алтай Полиметаллы» ЖШС өндіріс ошағында болып, жұмысшы қауыммен кездесті.
Кездесуге бірқатар облыстық басқармалар мен водомстволардың басшылары бірге келіп, аудан басшылығы, жоғарыда аталған өндіріс басшылары және бірқатар жауапты мекеме жетекшілері қатысты.
Кездесуде жұмысшылар жеке және өңірдің әлеуметтік жағдайына байланысты мәселелерін көтеріп, сұрақтарға жауап берілді.