
Қарқаралы ауданы әкімінің міндетін атқарушы С.Қ. Мусин және ауданның дербес мекеме басшылары Шарықты ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауылдық округ әкімі өткен 11 айда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті. Сонымен қатар тұрғындар көтерген өзекті мәселелер де талқыланды. Атап айтқанда, Теректі ауылында Тау-кен өндірісі орналасқандықтан ауыл ішінде техника қозғалысы көп, ауыл халқы үнемі қалың шаң болатынын,алдағы уақытта 7 шақырым ауыл жолын асфальттау қажеттілігі , Теректі ауылының ішкі электр желісін толық жөндеуден өткізу және кітапхана ғимаратына толық жөндеу жұмыстарын жасау жағдайы сөз болды. Саят Қабиденұлы тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, аталған мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.