3 сәуір күні "Театр —тәрбие бесігі" атты театр айлығы басталды.
Театр өнерін дәріптеу және көрермендердің назарын театрлық шығармашылыққа аудару мақсатында ұйымдастырылатын театр айлығы, биыл 8-ші мәрте ұйымдастырылуда.
Театр айлығына орай «Халықтық» атағы бар театрлардың көрмелері әзірленді.
Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Жиенбаев Дархан Сәулеханұлы театр айлығының ашылуымен құттықтап, ұжымдарға сәттілік тіледі.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Театр айлығында» алғаш болып Тәттімбет ауылының халық театры Ділдә Сыбанбаеваның «Туған жердің тұлғалары мәңгі есімде» драмасын сахналап, көрерменнің мол ықыласына бөленді.
Қойылым соңынан аудандық "Qarqaraly" газетінің бас редакторы Құрманғазы Өтебай алған әсерімен бөлісіп, театр ұжымына алғысын білдірді.
Құрметті қарқаралылықтар және қала қонақтары баршаңызды 10 сәуір Мақат Рымжанов атындағы Абыз халық театры Бауыржан Момышұлының өмірінен «Бауыржанның бақыты» қойылымын
тамашалауға шақырамыз .
Кіру тегін. Өтетін уақыты: 18.00.
Келіңіздер, көріңіздер!