Есепті кездесу

Есепті кездесу

Қарқаралы ауданының әкімі Ә. Арғынұлының Қырғыз ауылдық округі  тұрғындарымен есепті кездесуінің

                                                 ХАТТАМАСЫ

 

Өткен орыны:  Бүркітті ауылы                                      12 маусым 2024ж.

клуб ғимараты                                                                сағ 14.00

 

         Қатысқандар: Қарқаралы ауданының  әкімі Ә.Арғынұлы, аудандық маслихаттың хатшысы С.Оспанов, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Т.Омаров, аудандық маслихат депутаты Қ.Асқар, аудандық тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімінің басшысы  Қ.Таласбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы А.Жалелов, аудандық тұрғын үй инспекциясының  басшысы Аманбаев Е.М.  Аудандық ветеринария станциясының директоры А.Мержакупов және  ТОО «Райс КZ» мекемесінің басшысы Н.Асанов және ауыл тұрғындары.

Барлығы – 37 адам.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. Қырғыз ауылдық округ әкімі Т.Т.Жумагуловтың 2024 жылы 1-ші жарты жылдықта атқарған жұмыстар туралы есебі.
  2. Әр түрлі мәселелер.

Қырғыз ауылдық округ әкімі Т.Т. Жумагулов 6 айда  атқарған жұмыстар туралы есебін баяндап өтті.