Қарқаралы ауданы әкімдігінің Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығы Конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау секторының маманымен кездесу

Қарқаралы ауданы әкімдігінің Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығы Конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау секторының маманымен кездесу

Қарқаралы ауданының Қырғыз ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, бюджеттік мекемелер арасында “Зайырлылықтың тиімділігі” тақырыбы аясында кездесу өткізілді. Кездесу барысында Қарқаралы ауданы әкімдігінің Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығы Конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау секторының маманы Қанат Мұхаммед Серікұлы баяндама жасады. Діни сауаттылықты арттыру, төзімділікті нығайту, дін саласындағы заңнаманы сақтау маңыздылығы және деструктивті діни ағымдардың қауіптері туралы мәселелерге ерекше назар аударды. Мұндай іс-шаралар қоғамда рухани дәстүрлерге құрметпен қарау, азаматтық жауапкершілікті арттыру және экстремизмнің алдын алу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Заңына енгізілген өзгерістер бойынша, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерін орындау үшін, ауа райы жағдайларына, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға тікелей қатысатын адамдарға қажет болатын жағдайларды қоспағанда, қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті киіп жүргуге тыйым салынатыны туралы жан-жақты түсіндірілді.