Қырғыз ауылдық округі әкімі Т.Т.Жумагуловтың ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарымен құқық бұзушылық профилактикасы және алаяқтық қылмыстарының алдын алу жөнінде жиын өткізілді.

Қырғыз ауылдық округі әкімі Т.Т.Жумагуловтың ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарымен құқық бұзушылық профилактикасы және алаяқтық қылмыстарының алдын алу жөнінде жиын өткізілді.

Бүгін Қырғыз ауылдық округі әкімі Т.Т.Жумагуловтың ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарымен құқық бұзушылық профилактикасы және алаяқтық қылмыстарының алдын алу жөнінде жиын өткізілді.
Қырғыз ауылдық округі полиция инспекторы М.К.Ахметов тұрғындармен кездесу барысында ауылымызда алаяқтық қылмыстарының соңғы уақытта көбейіп отырғанын атап өтті. Ол интернет арқылы жасалатын алаяқтыққа ауылымыздың біраз азаматтары ұшырағанын, сонымен қатар адамдарды жұмысқа орналастырамын деп ақша алып алаяқтық жасау фактілері орын алғаның атап өтті. Инспектор алаяқтықтың алдын алу үшін жеке деректерді бөтен адамдарға бермеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, белгісіз нөмірлерден келген қоңырауларға сенбеуге шақырды. Жұмысқа тұрғызамын деп ақы сұраған алаяқтарға сенбеуге шақырды. Сондай-ақ, күмәнді жағдай туындаса, дереу құзіретті органдарға хабарласу қажеттігін ескертті.