ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚАСТЕРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚ!

ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚАСТЕРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚ!

ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚАСТЕРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚ!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай Қарқаралы тарихи-өлкетану музейінде «Тәуелсіздік – елдігіміздің басты құндылығы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Тәуелсіздіктің тарихи маңызын дәріптеу, ұлттық бірегейлікті нығайту және жастар арасында отансүйгіштік құндылықтарды қалыптастыру.
Шараға Желтоқсан оқиғасының қатысушылары Нүркенов Сләмиден Қамашұлы, Омарбеков Мақсат Мақсымұлы, Хамитов Тишбек Төлеуханұлы арнайы шақырылды. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Ілияш Нұржан Ағыбайұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүкібаев Ойрат Ыбырайымханұлы және аудан жастары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Нұржан Ағыбайұлы мен Желтоқсан оқиғасының куәгері Сләмиден Қамашұлы сөз сөйлеп, ұлт тарихында айрықша орын алатын 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының маңызы туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, Егіндібұлақ ауылының тұрғыны, ардагер ұстаз Мұхит Қапсаттарұлы, аудандық архив басшысы Манарбек Әзімбекұлы, аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Мұрат Тәңірбергенұлы, ардагер журналист, «Абыз» театрының режиссері Бану Даутанқызы сөз сөйлеп, жастардың ел болашағындағы рөлі, тәуелсіздікті сақтау жолындағы жауапкершілігі жөнінде мазмұнды ой қозғады.
Шара жастардың тарихи санасын қалыптастырып, өткеннен тағылым алуға, ел тәуелсіздігін қадірлеуге бағытталған мағыналы кездесуге айналды.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар Тәуелсіздікті сақтау мен нығайту – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.