Нұркен ауылында Тәуелсіздік күніне арналған асық ату турнирі

Нұркен ауылында Тәуелсіздік күніне арналған асық ату турнирі

Нұркен ауылында Тәуелсіздік күніне арналған асық ату турнирі өтті
Алда келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, 2025 жылғы 6 желтоқсанда Нұркен ауылында Қарағанды облысы бойынша асық атудан ашық турнир өтті.
Жарысқа Павлодар, Жамбыл, Ұлытау, Ақмола облыстары мен Қарағанды өңірінен барлығы 14 команда қатысты. Турнирдің басты мақсаты – жеткіншектерге ұлттық спортты насихаттау, ұлттық рух пен салт-дәстүрді дәріптеу.
Асық ату сайысындағы сұр мергендердің тартысты додасы нәтижесінде үш үздік команда жүлделі орындарға жайғасты. Атап айтқанда:
1-орын — Павлодар облысы, Екібастұз қаласы
2-орын — Шет ауданы, Ақжал кенті
3-орын — Теміртау қаласы, Қарағанды облысы
Жеңімпаз командалар ақшалай сыйлықтармен, кубоктармен және төсбелгілермен марапатталды.
Аудан әкімдігінің қолдауымен өткен іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Нұркен ауылының жастарына алғыс білдіреміз!