ӘКІМ ШЫРШАСЫНДА БАЛАЛАР ӘН-ДУМАНҒА БӨЛЕНДІ

ӘКІМ ШЫРШАСЫНДА БАЛАЛАР ӘН-ДУМАНҒА БӨЛЕНДІ

Бүгін Жаңа жыл алдындағы дәстүрлі шара – аудан әкімінің шырша мерекесі өтті.

Ә. Ермеков атындағы №2 мектепте өткен мерекелік кешке аудан бойынша 100 бала қатысып, шырша мерекесінің куәсі болды.

Түрлі кип киіп, жақсы дайындықпен келген балаларды ертегі әлемінің кейіпкерлері қарсы алып, мазмұнды көрініс қойды.

Шара Абай Құнанбайұлының биылғы 180 жылдық мерейтойы айдарымен өтіп, ұлы ақынның шығармашылығы, «толық адам» қағидасы арқау етілді.

Аяз Ата мен Ақшақар балаларды мейірім мен қуанышқа бөлеп, сый-сияпат үлестірді. Шырша шамы жағылып, аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Қабиденұлы балаларды мерекемен құттықтап, ақ тілегін жолдады.

Шара барысында барлық балаға думанды көңіл күймен қатар, қаржылай сертификаттар табысталды.

Мерекелік бағдарламаны тамашалап, сый-сияпаттарға ие болған балалар жаңа жылды шаттықпен қарсы алды.