Тұрғын үй көмегін тағайындау

Тұрғын үй көмегін тағайындау

Тұрғын үй көмегі – бұл Қазақстандағы аз қамтылған азаматтар мен отбасыларға арналған мемлекеттік төлем. Оның негізгі мақсаты - тұрғын үй, коммуналдық қызметтер және мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үйді жалға алу шығындарының бір бөлігін өтеу.

Мемлекеттік әлеуметтік осал азаматтарды қолдауға тырысады және цифрландыру арқылы процесстің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Өтініш беру процессі мүмкіндігінше жеңіл әрі қолжетімді: egov.kz. порталында электронды өтінім беру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл ретте өтініш беруші және оның отбасы туралы негізгі мәліметтер (жылжымайтын мүліктің болуы, тұрақты тіркелуі, кірістері, банк шоты) мемлекеттік органдарға сұрау салу арқылы тексеріледі. Кірістер туралы мәліметтер ақпараттық жүйелер арқылы тексеріледі. Өтінімді тіркеу үшін кәмелетке толған отбасы мүшелерінен келісім алу қажет.

Тұрғын үй көмегін қалай алуға болады:

Тұрғын үй көмегі аз қамтылған азаматтарға және жиынтық табысы төмен, ал тұрғын үйге, коммуналдық қызметтерге және тұрғын үйді жалға алуға арналған шығыстар (егер ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған болса) Қарқаралы ауданы бойынша  белгіленген 4 % шекті деңгейден отбасының жиынтық табысы асатын отбасыларға көрсетіледі.

Тұрғын үй көмегін өздерінің жалғыз баспаналарында тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алған азаматтар ала алады.

Аз қамтылғандарға кімдер жатады? Мәслихат белгілеген шекті жол берілетін шығыстардың үлесі (отбасының жиынтық табысының 4 %) тұрғын үйге, коммуналдық қызметтерге және тұрғын үйді жалға алуға (мемлекеттік қор) нақты шығыстардан төмен бір тұрғын үйде тұратын отбасы аз қамтылған болып есептеледі.

Көмек алудың негізгі шарттары:

  1. Тіркелу және тұру: көмек тек тұрақты тіркелу орны және нақы тұру фактісі бойынша беріледі.
  2. Жалғыз баспана: көмек тек жалғыз бір тұрғын үйге беріледі. Азаматтар өздерінің жалғыз баспаналарында тұруы немесе оны мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алуы қажет.
  3. Табыстарды есепке алу: Отбасының табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін есептеледі. Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында көрсетілгендерді қоспағанда (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығы), табыстың барлық түрлері есептеледі: жалақы, жәрдемақы, алимент, бизнестегі табыс, жалға алу, құнды қағаздар, сыйға беру және т.б.
  4. Тағайындау кезеңі: Тұрғын үй көмегі тоқсанға (3 айға) тағайындалады. Осы кезеңнен кейін қайта өтініш беру және кірістер мен шығыстарды растау қажет.

Коммуналдық қызметтер кімге өтеледі? Тағайындаудың жаңа нормалары мен тәртібі

Тұрғын үй көмегі аз қамтылған азаматтарға шығыстардың бір бөлігін мынадай санаттар бойынша өтейді:

коммуналдық қызметтер: су, жарық, жылу;

тұрғын үйді және үй маңындағы аумақты күтіп ұстау; күрделі жөндеу;

 

байланыс қызметтері (мысалы, телефон үшін абоненттік төлем); мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысы. Білу маңызды:

  • көмек тек бір тұрғын үйге беріледі;
  • көмек жеке    тұлғадан    тұрғын     үйді    жалға     алу              шығындарына

қолданылмайды;

  • көмек коммуналдық қызметтерді шамадан тыс тұтынуды қамтымайды;
  • көмек тұрғын үй алаңының белгіленген нормаларынан асатын тұтынуды

қамтымайды;

  • табыс жасырылған кезде көмек жойылуы мүмкін және қайтаруды талап етуі мүмкін.

Тұрғын үй көмегін қалай есептейді: жалғыз тұратын адамға отыз шаршы метрден аспайтын бірыңғай лимиттер және 18 шаршы метр.

Есептеу формуласы:

Тұрғын үй көмегі = Нақты шығыстар (коммуналдық төлемдерге, тұрғын үйді күтіп ұстауға, күрделі жөндеу жұмыстары, жалға алуды төлеу) – Шығыстардың шекті рұқсат етілген деңгейі.

Шығыстардың шекті рұқсат етілген деңгейі отбасының жиынтық табысының пайызын білдіреді, одан жоғары тұрғын үй шығындары өтелуі мүмкін.

Бұл пайыздың мөлшерін жергілікті мәслихаттар белгілейді. Бұл отбасының жиынтық табысының 4 % тең.

Тұрғын үй көмегі: 15 минут ішінде онлайн өтініш береміз

Өтініш беру екі тәсілмен іске асырылуы мүмкін:

  1. kz порталы арқылы («Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметін тағайындау).
  2. Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) жеке бару арқылы.

Өтінішті электронды берген жағдайда электронды цифрлы қолтаңбаға (ЭЦҚ) қол қойылуы қажет.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін:

жеке куәлік;

өтініш  берген  тоқсанның  алдындағы  тоқсан  үшін                                                                                    отбасының табысын

растайтын құжаттар;

өткен тоқсан үшін коммуналдық төлемдерге (жылу, су, жарық), сондай-ақ, тұрғын үйді күтіп ұстауға және күрделі жөндеу жұмыстарына шоттар;

байланыс қызметтеріне (телефон және т.б.) түбіртек немесе келісімшарт;

егер тұрғын үй мемлекеттік қордан жалға алынсы – төлем мөлшерін көрсете отырып, жалға алуды растайтын құжат;

банк шотының (IBAN) нөмірі қажет.