
Қарқаралы ауданы әкімінің міндетін атқарушы С.К.Мусин және ауданның дербес мекеме басшылары Қоянды ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауылдық округ әкімі К.Калиевтің өткен 11 айда атқарған жұмыстары жөнінде есеп беріп,алдағы жоспарлары туралы баяндамасы тыңдалды. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға аудан әкімінің міндетін атқарушы С.К.Мусин және мекеме басшылары жауап беріп, тиісті тапсырмалар берілді.